Азиада: Теннистен де қола алдық

Индонезиядағы жазғы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар қола жүлдеден тау тұрғызып жатыр. Кезекті қола медалды ел қолржынына теннисшілер салып берді, деп хабарлайды SportX.kz.

Гозаль Айнитдинова мен Анна Данилина жұптасып өнер көрсетуден Азиаданың қола жүлдесін иеленді. Жарыстың жартылай финалында қазақ қыздары 1:6, 2:6 есебімен тайбэйлік Чжань Хаосин мен Чжань Юнжаньнан ұтылып қалды. Ойын нәтижесіне қарап, біздің бойжеткендер жарытып қарсылық көрсете алмаған деп ой түюге болады.

Әзірге Қазақстан еншісінде — 2 алтын, 6 күміс және 19 қола медаль бар.

Пікір жазыңыз