Азиада: Қорамсаққа қол салды

Индонезияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындары күн санап ұзап барады. Жарыс кезегі садақ ату спортына да келіп жетіпті. Джакартада кешелі бері  құралайды көзге атқан мергендер командалық жарыстан сынға түсуде, деп хабарлайды SportX.

1/8 финалда еліміздің әйелдер құрамасы Малайзиямен күш байқасып, бұл сын 6:2 есебімен біздің мергендердің пайдасына шешілді. Алдағы ширек финалда Қазақстан құрамасына Қытай елінің мергендері қарсы тұрады.

 

Пікір жазыңыз