Азиада: Қоладан тау үйіп жатырмыз

Стенд атудан жерлесіміз Мария Дмитриенко жазғы Азиаданың қола жүлдесін иеленді, деп хабарлайды  SportX.kz.

Бүгін Джакартада стенд атудың дабл-трап жаттығуы бойынша Азия ойындарының медальдар жиынтығы сарапқа түсті. Осы жаттығудан өткен ақтық сында қытайлық мергендер ерекше көзге түсті. Бірінші орынды Ли Циннянь (136 ұпай) иеленсе, күміс жүлдеге оның командлас әріптесі Бай Итин (134 ұпай) лайық болып шықты. Көпке дейін Мария Дмитриевамен тайталасып келген тағы бір қытайлық мерген Ли Бон, финалдық бәсекенің шешуші кезеңінде мүлт кетті. Есесіне қола жүлде біздің Марияға(125 ұпай) бұйырды. Осы жаттығудан бақ сынаған екінші отандасымыз Анастасия Давыдова жарыс нәтижесі бойынша 112 ұпаймен тоғызыншы орынды иеленді.

Пікір жазыңыз