Азиада: Қоладан кенде емеспіз

Александр Куликов Джакартада өтіп жатқан жазғы Азия ойындарынан жүлдесіз қалған жоқ. Жерлесіміз ескек есуден байрақты доданың қола жүлдесін иемденді, деп хабарлайды SportX.kz.

Бұл сында жапониялық Такуя Ханеда үздік шықты. Азиаданың күміс жүлдесі Қытай елінің мықтысы Чэнь Фанцзяға бұйырыпты.

Жалпы қазақстандық ескек есу спортының өкілдері Джакартада медальдан кенде емес. Әзірге олардың еншісінде ұзын-саны он төрт медаль бар

Пікір жазыңыз