Азиада: Қола медаль бойынша Қытайды қуып жеттік

Қазақстандық Александра Опачанова академиялық есуден Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді, деп хабарлайды SportX.kz

Жеке сыннан өткен жарыста қытайлық қыздар өзгелерге дес бермеді. Мәре сызығын бірінші кескен Юнкси Чен Итинг (8:08.21) бірінші, ал оның отандасы Итинг Хуанг (8:16.14) екінші орыннан табылды. Үшінші нәтиже көрсеткен қазақстандық ескек есуші (8:16.14) ел қоржынына тағы бір қола салып берді. Осымен қола медаль саны бойынша Қазақстан (15) жалпы есептің лидері Қытайды қуып жетті. Шіркін, Қытайды қола емес, алтынның саны бойынша қуып жетсек қой. Аспанасты елінің еншісінде әзірге 46 алтын, 32 күміс және 15 қола бар.

 

Пікір жазыңыз