Азиада: Қазақстан-Оңтүстік Корея 16:9

Су добынан еліміздің ерлер ұлттық құрамасы жазғы Азия ойындарын ірі жеңістен бастады. Жерлестеріміз топтық кезең аясындағы алғашқы матчта 16:9 есебімен Оңтүстік Кореяны тізе бүктірді, деп хабарлайды SportX.kz

Ойын барысында тізгінді қолдан шығармаған қазақ су добы шелерлері бүгінгі бәсекеде аса тер төкпей-ақ жеңіске жетті. Қарсы қақпадан табылған он алты голдың үшеуі — Михайл Рудайдың еншісінде.

Өз тобындағы алғашқы ойынды жеңістен бастаған қазақстандықтар алдағы күндері Сингапур және Иран құрамаларымен кездесетін болады.

 

 

Пікір жазыңыз