Азиада: Олимпиада чемпионына бұйырғаны қола жүлде

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин 100 метрлік қашықтыққа брасс әдісімен жүзуден жазғы Азия ойындарында үшінші нәтиже көрсетті , деп хабарлайды SportX.kz

Брасс әдісмен 100-метрлік дистанцияға жарысудан Азия ойындарының рекорды екі рет жаңартылды. Бұған дейінгі рекорд біздің Баландинге тиесілі болған.Жерлесіміздің  рекордын Іріктеу сынында топ жарған қытайлық Ян Зибей бұзды. Бірақ оның рекордын сол күні өткен ақтық сында жапон жігіті Ясухиро Косеки (58,86) жаңартып үлгерді. Осылайша  Косеки Азия ойындарының чемпионы атағын жеңіп алса, экс-рекордшы Ян Зибей (59,31 сек) екінші, ал Дмитрий Баландин (59,39 сек) тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.

Пікір жазыңыз