Азиада: Еншімізде- төрт жүлде

Қазақстандық семсерші Дмитрий Алексанин жазғы Азия ойындарының жеңімпазы атанды. Жерлесіміз ақтық сында Рио олимпиадасының чемпионы оңтүстік кореялық Пак Сан Еннің алдын орап кетті, деп хабарлайды SportX.kz.

Тамаша өнерімен тәнті еткен Дмитрий Алексанин Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарынан ел қоржынына алғашқы медальды салып берді. Ширек финалда Алексей тағы бір оңтүстік кореялық семсерші Чон Джин Сонды сан соқтырды. Өз кезегінде Рио олимпиадасының қола жүлдегері Чон Джин Сон, біздің Руслан Құрбановтан айласын асырып кеткен  болатын.

Жарыс шымылдығы түрілген күні спортшыларымыз ұзын-саны төрт жүлде жеңіп алды. Алексанин Азиаданыің алтынын еншілесе, ақтық белдесуде мүлт кеткен еркін күрес шебері Данияр Қайсанов күміс жүлде олжалады. Ал оның командалас әріптестері Саятбек Оқасов пен Әділет Дауланбаевтың есебінде қола медаль. Әзірге жалпы есепте Қытай делегациясы дес бермей тұр. Олардың есебінде-16 медаль (7 алтын, 5 күміс, 4 қола) 2. Жапония – 14 (3-6-5) 3. Оңтүстік Корея – 11 (2-3-6) 4. Иран – 5 (2-2-1) 5. Казақстан – 4 (1-1-2)

Пікір жазыңыз