Азиада: Елдос та жеңілді

Қазақ дзюдошылары жазғы Азия ойындарын сәтті бастаған. Бірақ көп ұзамай-ақ ел болып үміт артқан атақты балуанымыз Елдос Сметов ширек финалда мүлт кетті, деп хабарлайды SportX.kz.

60 келі салмақ дәрежесіндегі лидеріміз Елдос Сметов алғашқы айналымда индонезиялық дзюдошыны ұтқан. Алайда кореялық Ан Джи Юнгпен өткен ширек финалдық белдесу барысында жарақат алған Елдос, одан әрі күресіп жарытпады. Сылбыр қимылы үшін төреші тарапынан «шидо» алған жерлесіміз осылайша Азия ойындарынан шығып қалды. Атақ-даңқы бір басынан жетіп артылатын бұрымды балуанымыз Галбадрах Отцгонцэцэг (48 келі) ширек сында солтүстік кореялық қарсыласын «вазари» әдісімен ұтты. Азиаданың жартылай финалында тегі моңғол «жаңа қазағымыз» жапон балуанымен белдеседі.

66 келі тартатын Елдос Жұмақанов алғашқы айналымда филиппиндік спортшыны турнирден шет қалдырды. Алдағы ширек сында моңғол елінің өкілімен күш сынасатын болады.

 

 

Пікір жазыңыз