Азиада: Біздің стайер көмбеге жете алмады

Джакартадағы жазғы Азия ойындарында жеңіл атлетикадан алғашқы медальдар жиынтығы сарапқа түсті. Марафондық жарысқа қатысушылар арасында өткен бұл бәсекеде жапониялық стайер олжа салды, деп хабарлайды SportX.kz.

Мәртебелі ойындарға үкілеп қосқан атлетіміз Михайл Красилов, үмітті ақтай алмады. Индонезияның аптап ыстығына шыдай алмады ма ол жағы белгісіз, бір білетінміз қазақстандық стайер мәреге жетпей-ақ жарыс жолынан шығып қалды.

Марафондық жарыстың жеңімпазын анықтау үшін фотофинишке жүгінуге тура келді. Өйткені мәреге қатар жеткен жапониялық Хирото Инуи мен бахрейндік стайер Эльхасан Эльаббасидің уақыт көрсеткіштері бірдей болып шықты. Дегенмен фотофиниш бұл эпизодты жапониялық атлеттің пайдасына шешіп берді. Стайерлер арасындағы жарыстың қола жүлдесін қытайлық Ду Буцзе иеленді.

 

Пікір жазыңыз