Азиада: «Астана» клубының шабандозы топ жарды

Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанып отыр. Astana Pro Team клубының өкілі бүгін өткен топтық жарыста алдына жан салмады, деп хабарлайды SportX.kz.

150 шақырымды құраған топтық бәсекенің жарыс жолы Джакартада басталып, Палембанг қаласында мәресіне жетті. Бүгінгі додаға 19 елден 59 шабандоз қатысқанын айта кетейік. Қазақ елі намысы Astana Pro Team клубының өкілдері  – Жандос БижігітовЕвгений ГидичАлексей Луценко және Даниил Фоминыхқа сеніп тапсырылыпты

Көпке дейін команда капитаны Луценкоға тактикалық көмек көрсетіп келген үш шабандозымыз уақыт өте алдыңғы лектен көз жазып қала берді. Жалғыз қалған Алексей мойымады. Керсінше о баста суырылып алға шығып үлгерген қытайлық шабандозды қуып жетуге бар күшін салып бақты. Мәреге жеті шақырымдай қалғанда пелотон қытайлық шабандозды басып озып, тасжолдағы талас одан әрі ушыға түсті. Қызықтың бәрі көмбеге 300 метр қалғанда басталды. Соңғы сәтте өзімен үзеңгі қағыса жарысқан тай елінің қос батыры мен жапонның дүлдүлін  басып озған Луценко мәре сызығын бірінші кесті. Оның көрсеткіші- 3:25:25. Жапониялық спортшы екінші, ал тай елінің шабандозы үшінші орынды мсіе қылды. Сонымен ел қоржыны тағы бір алтын жүлдемен толықты.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

Пікір жазыңыз