Ауыр атлетика: Қазақстан құрамасын- нағыз құрама деп айтуға келеді

Бүгін Түрікменстан астанасы Ашхабадта ауыр атлетикадан лицензиялық әлем чемпионаты жалауын көтерді, деп хабарлайды SportX.kz. 

Допингке қатысты дау-дамайдың кесірінен халықаралық жарыстардан шеттеп қалған қазақ зілтемір шеберлері Ашхабатта айды аспанға шығарамыз деп отыр. Дегенмен уақыттың алдына түсіп жүгірмейік, жерлестеріміздің лицензиялық жарысқа қаншалықты дайындықпен келгенін алдағы күндердің еншісіне қалдыра тұрайық.

Бүгін Қазақстан құрамасынан жарысқа бірінші болып Арли Чонтеи деген атлетіміз түседі. Арлей Чонтей- Қытайда туып өскен дүңген ұлтының өкілі. Қытай құрамасынан орын тимеген Арлей 2008 -жылы Қырғызстанға қоныс аударады. Одан араға төрт жыл салып Қазақстан азаматтығын алған қытайлық дүңген 2013-жылы 55 келі салмақ дәрежесінде ел чемпионы атанды. Бірақ өзі сияқты Қазақстаннан жылы орын тапқан дүңген қыздары Зульфия мен Майяның жетістігін қайталау «жаңа қазақ» атанған Арлиге әзірше мүмкін болмай тұр.

55 -келіде өнер көрсететін Арли Чонтей Ашхабат төрінде кіл мықтылар бас қосқан «А» тобында сынға түседі. Лицензиялық ӘЧ Астана уақытымен сағат 20:55-те басталады.

Ашхабатқа аттанған Қазақстан құрамасы:

Ерлер:

— Арли Чонтей — 55 келі;

— Фархад Харки — 67 келі;

— Нижат Рахимов — 73 келі;

— Айдар Қазов -81 келі;

— Денис Уланов -89 келі;

— Рустем Сыбай — 96 келі;

— Александр Зайчиков — 109 келі;

— Ибрагим Берсанов — 109 келі;

— Елдос Сайлау +109 келі.

Әйелдер:

— Зульфия Чиншанло до 55 келі;

— Сәуле Сәдуақасова — 59 келі;

— Әсем Садықова -64 келі;

— Карина Горичева — 64 келі;

— Надежда Лихачева -71келі;

— Екатерина Столяренко — 71 келі;

— Екатерина Быкова — 76 келі;

— Раушан Мешітханова -87 келі;

— Айзада Муптилда +87 келі;

— Александра Аборнева +87 келі;

Пікір жазыңыз