«Астананың» жастары чемпиондар лигасымен қоштасты (ВИДЕО)

«Астана U-19» UEFA чемпиондар лигасы аясында Загребте жергілікті «Динамодан» ұтылып қалды. Хорватия астанасындағы қарымта матч 3:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды SportX.kz. 

УЕФА чемпиондар лигасының екінші раунды аясындағы қарымта бәсекенің нәтижесі біз күткендей болмады. Ойынды ширақ бастаған алаң иелері есеп ашып алға шығу үшін аянып қалмады. Көп күттірмеген алғашқы голды кездесудің бірінші минутында Леон Шипош соқты. Үзіліске санаулы минуттар қалғанда жергілікті футболшылар пенальти тебуге мүмкіндік алды. Өзіне сеніп тапсырылған миссияны сәтті орындаған Бартол Франич таблодағы есепті еселей түсті. Реті келгенде астаналықтар екінші таймның басында есепті қысқартып, үміт оты жылт еткен. Бұл эпизодта бұрыштан берілген допты қақпаға дәл бағыттаған Самат Мәжит көзге түсті. Дегенмен уақыт өте шабуылды үдете түскен алаң иелері кездесудің 77- минутында бүгінгі матчқа нүкте қойған үшінші голды соғып кетті. Бұл жолы Дино Капитонович мергендік танытты. Қорытынды есеп-3:1.

Не керек екі ойын нәтижесі бойынша 4:2 есебімен жеңілген Президенттік спорт клубының командасы УЕФА чемпиондар лигасымен қоштасуға мәжбүр болды.

Бас демеуші — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

 

 

Пікір жазыңыз