«Астананың» жас футболшылары Хорватияға аттанды

«Астана U-19» командасы ертең UEFA чемпиондар лигасы аясында Загребте жергілікті «Динамомен» кездеседі, деп хабарлайды  SportX.kz. 

Хорватиядағы қарымта матчқа аттанған «Астана» клубының  құрамы мынадай:

Қақпашылар: Владислав Саенко, Олег Медведев; қорғаушылар: Самат Мажит, Алим Ильясов, Дәурен Искаков, Әділжан Дүйсембаев, Жантөре Жұмаділов, Артем Цой; жартылай қорғаушылар: Сұлтан Сағнаев, Руслан Махан, Жаслан Қаиркенов, Дияр Жугунис, Ильяс Абенов, Мади Жақыпбаев; шабуылшылар: Владислав Прокопенко, Рамазан Каримов, Станислав Басманов, Лев Скворцов.

Астанада өткен екі клуб арасындағы алғашқы бәсекеде 1:1 есебімен таразы басы тең түскен. Загребтегі  қармыта ойын  27 қараша күні өтеді.

Бас-демеуші — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

Пікір жазыңыз