«Астананың» велошабандозы Азия бойынша бірінші орында

Азия велошабандоздарының халықаралық Одағы (UCI Asia) жаңа рейтингін жариялады. Жаңа рейтинг тізгінін жерлесіміз «Астана» велокомандасының шабандозы Алексей Луценко ұстапты, деп хабарлайды  SportX.kz  

Қазақстан құрамасының белді мүшесі және «Астана» велоклубы сапында сәтті өнер көрсетіп жүрген Алексей Луценко 665 ұпаймен өзгелердің алдына шығыпты. 517 ұпай еншілеген Бенджамин Дибэлл екінші, ал 484 ұпай жинаған Артем Овечкин үздік үштікті түйіндепті. Орайы елегенде Қазақстанның спорттық державға айналуына ерекше үлес қосып келе жатқан «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының орны ерекше.екенін айтып кеткен жөн.

Ұлттық құрамалар арасындағы рейтингте де еліміздің бас командасы алда тұр. Қазақстанның есебінде 1611,25 ұпай. Екінші орынға жайғасқан Жапония 1581,73 ұпай олжаласа, үшінші сатыда Гонконг құрамасы (945,02)

Бас демеуші -«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

 

Пікір жазыңыз