Астаналықтар «Трактордың» үнін өшірді (ВИДЕО)

Континенталдық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында кезекті турдың нәтижелері белгілі болды. Астананың «Барысы» өз алаңында 3:1 есебімен Челябілік «Трактордан» басым түсті, деп хабарлайды SportX.kz.

Кездесудің бірінші бөлігі 1:1 есебімен аяқталды. Алдымен Александр Рыбаков қонақтарды алға шығарса, көп ұзамай Валерий Орехов таразы басын теңестірді. Алма-кезек шабуылға ұласқан ойынның екінші кезеңінде екі жақтың да қорғаныс шебі сыр бере қоймады. Дегенмен шешуші кезеңді ширақ бастаған астаналық хоккейшілер қарсы қақпаның кілтін таба білді. Бүгінгі матчта қанжығасын майлап үлегерген Валерий Орехов екінші рет көзге түссе, қонақтардың қақпасынан табылған үшінші яғни соңғы шайбаны Павел Акользин соқты. Қорытынды есеп -. 3:1.

Ертең Президенттік спорт клубы Владивостокта жергілікті «Адмиралмен» кездеседі.

Континенталдық хоккей лигасы

«Барыс» (Астана, Қазақстан) — «Трактор» (Челябі, Ресей) 3:1 (1:1, 0:0, 2:0)

Шайбалар:
0:1 — 07:33 Рыбаков (Глинкин, Исаев).
1:1 — 13:32 Орехов (Диц, Фрэттин).
2:1 — 51:35 Орехов (Волк, Фрэттин).
3:1 — 58:51 Акользин.
«Барыс»: Карлссон — Шалапов, Блэкер, Полохов, Даллмэн, Диц, Сведберг, Орехов, Маклюков — Михайлис, Волк, Петухов, Евдокимов, Акользин, Панюков, Кормье, Фрэттин, Бойд, Гурков, Сагадеев, Шевченко;

«Трактор»: Демченко — Бородкин, Никитин, Бэйлен, Желдаков, Исаев, Алексеев, Карпухин — Рыбаков, Дугин, Томас, Энлунд, Губарев, Стоа, Щехура, Ерофеев, Шаров, Кокуёв, Глинкин, Шолохов, Кравцов.

Бас демеуші — «Самұрық -Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

Пікір жазыңыз