Астаналық хоккейшілер «Северстальдың»сағын сындырды

«Барыс» хоккейшілері Череповецте жергілікті «Северстальдан» басым түсті. Аса шиеленісті өткен бәсеке 3:5 есебімен астаналық ұжымның пайдасына шешілді, деп хабарлайды SportX.kz.

Континенталдық лиганың тұрақты чемпионатындағы бәсекелердің көрігі барған сайын қыза түсуде. Кезекті сапарын Череповецте жалғастырған астаналық хоккейшілер бұл жолы да жеңіске деген жігерлік таныта алды. Ең бастысы «Ледовый дворец» сарайына жиналған екі жарым мыңдай көрермен қақпадан табылған голдарға қарқ болды.

Кездесудің 6-минутында ойын тәртібі бұзылғаны анықталып, «Северстальдың» ойыншысы екі минуттық айыппен жазаланды. Өз кезегінде тамаша мүмкіндікті епті пайдалана алған астаналықтар гол соғып алға шықты.Нәтижелі аяқталған комбинацияға Михайлис пен Диц ұйытқы болып, шешуші соққыны Мэтт Фрэттин жасады.Қарап қалмаған алаң иелері көп кешікпей-ақ таразы басын теңестіріп үлгерді. Есесіне матчтың екінші кезеңін белсенді өткізген «Барыс» хоккейшілері алаң иелерін тырп еткізбей, жауапсыз үш гол соға алды. Алдымен Сагадеев көзге түссе, Михайлис пен Диц таблодағы есепті ұлғайта түсті.

Екінші кезеңді сылбыр өткізген алаң иелері кездесудің шешуші бөлігінде есе қайтаруға бар күшін салып бақты. Өз жанкүйерлері алдында аянып қалмаған «Северсталь» айналдырған екі минут ішінде қос гол салып, жерлестерімізді қуып жетуге сәл қалды. Іс-насырға шаппай тұрғанда амал жасаудың жайын ойлаған жерлестеріміз соңғы минутта Мэтт Фрэттиннің күшімен тағы бір гол салып, тарысқа толы бәсекені өз пайдасына шешті. Есеп 3:5.

«Северсталь» — «Барыс» — 3:5 (1:1, 0:3, 2:1)

0:1 — Фрэттин (Михайлис, Диц) — 06:27
1:1 — Трубачёв (Гераськин, Вовченко) — 12:38
1:2 — Сагадеев — 28:17
1:3 — Михайлис (Фрэттин, Диц) — 33:03
1:4 — Диц (Фрэттин, Михайлис) — 35:16
2:4 — Странски (Григоренко, Коротков) — 42:09
3:4 — Карлин (Рыбин) — 44:06
3:5 — Фрэттин — 59:18

«Барыс» ендігі ойындарын өз алаңында өткізеді. Алдымен 1-желтоқсан күні Президенттік спорт клубының командасы «Автомобилисті» (Екатеринбург) қабылдайды.

Бас демеуші — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

Пікір жазыңыз