Астаналық бұрымды шабандоз Қытайда олжа салды

 Astana Womens Team сапында өнер көрсететін кубалық бұрымды шабандоз Арленис Сьерра, Қытайдағы біркүндік «Тур Гуанси » велододасында топ жарды, деп хабарлайды SportX.kz

Қытайда өткен Әлемдік тур аясындағы жарыста  астаналық велдоклубтың өкілдері сәтті өнер көрсетті. 145,5 шақырымды құраған жарыс жолында мәре сызығын бірінші кескен Арленис Сьерра, көмбе алдында өзімен үзеңгі қағыса жарысқан британиялық Ханна Барнс (Canyon SRAM)  пен швед Сара Мустоненнің (Experza-Footlogix) алдын орап кетті. «Астана» велоклубының тағы бір өкілі италиялық Елена Пирроне үздік ондықтың қатарынан табылды.

Кубалық шабандоз Арленис Сьерра осы маусымда бесінші рет жеңіске жетіп отыр.

Тур Гуанси. 145,8 шақырым

1. Арленис Сьерра (Куба, Astana Womens Team) — 3:40:12
2. Ханна Барнс (Великобритания, Canyon SRAM Racing)
3. Сара Мустонен (Швеция, Experza-Footlogix)
…10. Елена Пирроне (Италия, Astana Womens Team)

Бас демеуші — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

Пікір жазыңыз