Астаналық «Барыстың»13 хоккейшісі Будапештте өнер көрсетеді

Қарашаның 7-9 аралығында Венгрия астанасы Будапештте шайбалы хоккейден Еуропалық шақыру Кубогы сарапқа салынады, деп хабарлайды SportX.kz.

Бас командамыздың негізі құрамы елордалық «Барыстың» ойыншыларынан жасақталған. Президенттік кәсіпқой спорт клубы жүйесіндегі командадан ұлттық құрамаға — Егор Шалапов, Александр Пелевин, Мадияр Ыбрайбеков, Никита Клещенко, Кирилл Полохов, Кирилл Савицкий, Дмитрий Гренц, Ярослав Евдокимов, Валерий Гурин, Дмитрий Гурков, Егор Петухов, Кирилл Панюков және Андрей Яковлев шақырту алыпты. Будапештке қазақстандық хоккейшілерді «Номадтың» жаттықтырушысы Юрий Михайлис бастап баратын болыпты. Оған алдағы турнирде белгілі бапкерлер Георгий Верещагин мен Павел Бессонов қолғабыс көрсетеді.

Будапешт мұз айдынында қазақстандық хоккейшілер Венгрия, Оңтүстік Корея және Итлаия құрамаларымен сынға түседі.

Бас демеуші — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

Пікір жазыңыз