Астаналық «Барыс» елу бесінші орында 

Спорт әлеміндегі танымал портал HockeyArchives 2017/2018 маусым қорытындысы бойынша клубтардың жаңа рейтинг кестесін жариялады, деп хабарлайды  SportX.kz.

Еліміздің беткеұстар клубы астаналық «Барыс» бұл тізімде 55-орынннан, ал қарағандылық «Сарыарқа» 156-шы, өскемендік «Торпедомыз» 183- сатылардан табылыпты. Қазақстандық клубтар осындай орындарға лайық па, жоқ па оны өздеріңіз бағалай жатарсыздар.

Порталдың жаңа тізімін ресейлік СКА (Санкт-Петербор) клубы бастап тұр. Екінші және үшінші орындарға «Векше» (Швеция) және «ЦСКА (Ресей) командалары жайғасыпты.Топ-20 қатарына КХЛ тағы бірнеше өкілдері еніпті: «Ақ-Барыс» (4- орын), «Йокерит» (11-орын), «Трактор» (15-орын) және «Локомотив» (19-орын).

HockeyArchives версиясы бойынша Еуропадағы топ-10:

1. СКА (КХЛ) — 62,99 балл

2. «Векше» (Швеция) — 62,25

3. ЦСКА (КХЛ) — 58,52

4. «Ак Барс» (КХЛ) — 54,07

5. «Кярпят» (Финляндия) — 50,26

6. «Комета» (Чехия) — 48,21

7. «Юргорден» (Швеция) — 47,73

8. «Берн» (Швейцария) — 47,68

9. «Мюнхен» (Германия) — 46,69

10. «Таппара» (Финляндия) — 45,92

Пікір жазыңыз