Астанадағы хоккей додасы

Астанада ҚР Президентінің кубогы үшін шайбалы хоккейден халықаралық дәстүрлі жарыс басталды, деп хабарлайды SportX.kz.

Биыл дәстүрлі турнирде — «Барыс» (Астана), Қазақстан құрама командасы,
«Нефтехимик» (Нижнекамск, Ресей) және «Амур» (Хабаровск, Ресей) өнер көрсетуде. Жарыс шымылдығын Қазақстан құрамасы мен «Нефтехимик» арасындағы бәсеке ашып берді. Жерлестеріміз қонақтардың тегеурінді шабуылдарына төтеп бере алмады. Нәтижесінде турнирдегі алғашқы ойын 1:4 есебімен Нижнекамскіден келген хоккейшілердің пайдасына шешілді.

Бұдан кейін «Барыс-Арена» мұзайдынында астаналық «Барыс» пен «Амур» күш сынасып көрді. Алғашқы ойынмен салыстырғанда бұл жолы айдындағы бәсеке анағұрлым тартысты өтті. Кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Қосымша таймның алғашқы минутында мергендік танытқан Кертис Волк соққан гол алаң иелеріне жеңіс сыйлады.

Бүгін Қазақстан құрамасы «Амурды» сынаққа алса, екінші ойында «Барыс» пен «Нефтехимк» кездеседі.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» 

Пікір жазыңыз