«Астана» велоклубы UCI WorldTeams лицензиясын алды

Халықаралық велосипедшілер одағы (UCI) UCI WorldTeams лицензиясын иеленген командалар тізімін жариялады, деп хабарлайды SportX.kz.

UCI WorldTeams лицензиясын алған командалардың ұзын-саны он сегіз. Олардың арасында Президенттік спорт клубының ұжымы «Астана» велокомандасы да бар. Сіздердің назарыңызға жолдамаға ие болған командалар тізімін ұсынамыз:

1. AG2R LA MONDIALE (ALM – FRA)

2. ASTANA PRO TEAM (AST – KAZ)

3. BAHRAIN – MERIDA (TBM – BRN)

4. BORA – HANSGROHE (BOH – GER)

5. CCC TEAM (CPT – POL)

6. DECEUNINCK – QUICK – STEP (DQT – BEL)

7. TEAM DIMENSION DATA (DDD – RSA)

8. GROUPAMA – FDJ (GFC – FRA)

9. MOVISTAR TEAM (MOV – ESP)

10. MITCHELTON – SCOTT (MTS – AUS)

11. TEAM KATUSHA ALPECIN (TKA – SUI)

12. TEAM JUMBO (JUM – NED)

13. TEAM SKY (SKY – GBR)

14. TEAM SUNWEB (SUN – GER)

15. TREK – SEGAFREDO (TFS – USA)

16. TEAM EF EDUCATION FIRST — DRAPAC P/B CANNONDALE (EFD – USA)

17. LOTTO SOUDAL (LTS – BEL)

18. UAE TEAM EMIRATES (UAD – UAE)

2019-жылғы Әлемдік тур 15-қаңтар мен 27- қазан аралығында өтеді. Мәртебелі турдың тұсауы Аделайдадағы (Аустралия) «Тур Даун Андер» велододасында кесіледі.

Бас демеуші — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

Пікір жазыңыз