«Астана» үшін бүгінгі матчтың мәні зор

Бүгін қазақ футбол жанкүйерлерін үлкен дода күтіп тұр.  «Астана» футбол клубы елорда төрінде Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында чехиялық «Яблонецті» қабылдайды, деп хабарлайды SportX.kz.

Топтық кезеңнің төртінші туры барлық жағынан маңызды болғалы тұр. Бұған дейінгі үш кездесудің бірінде жеңіске жетіп, қалған екеуінде тең ойнаған «Астана» еншісіндегі 5 ұпаймен әзірге өз тобында көш бастап тұр. Қосымша көрсеткіш бойынша «Астананы» алдына жіберген Киевтің «Динамосында» да дәл осынша ұпай бар. Сондай-ақ олардан бары-жоғы екі ұпай кем жинаған франциялық «Реннді» де тізімнен сызып тастауға әлі ерте.

Тоқ етерін айтсақ, бүгінгі бәсекеде астаналық футболшыларға үш ұпай артық етпейді. Себебі қалған кездесулерде біздің клубты Киевтің динамошылары мен «Реннің» ерендері күтіп тұрғанын ұмытпаған жөн. Олардан ұпай тартып алу мәре жақындаған сайын қиынға түсетіні айтпаса да белгілі.

Бүгінгі турда Президенттік спорт клубы жүйесіне кіретін «Астана» өз алаңында «Яблонецті» қабылдаса, Киевте жергілікті «Динамо» франциялық «Реннмен» күш байқасады.

Пікір жазыңыз