«Астана» клубының ізбасарлары тең ойнады

«Астана» футболшылары УЕФА Жасөспірімдер лигасының екінші раунды аясындағы алғашқы  матчта Загребтің «Динамо» клубымен түсті, деп хабарлайды SportX.kz.

Астанада өткен алғашқы кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Бірінші таймның соңғы минутында Владислав Прокопенко (45-минут) қонақтарды ойынды алаң ортасынан бастауға мәжбүр еткен. Дегенмен кездесудің соңына  таман хорваттар таразы басын теңестіріп кетті. Бұл эпизодта Леон Шипош ептілік танытты.

«Астана» президенттік спорт клубының жас түлектері енді Хорватияға жол тартады. Екі команда арасындағы қарымта матч 27- қараша күні Загребте өтеді.

Бас демеуші — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

 

Пікір жазыңыз