«Астана» ірі есеппен ұтылды

Шайбалы хоккейден елімздің тұрақты чемпионатында кезекті турдың ойындары өтті. Осы турда «Астанамен» жолы түйіскен атыраулық «Бейбарыс» ірі есеппен жеңіске жетті, деп хабарлайды SportX.kz.

Осы жақында ғана рудныйлық «Горняктан» қосынан «Бейбарысқа» ауысқан Алексей Скабелка бүгінгі ойында ерекше көзге түсті. Бүгінгі бәсекеде «Астана» қақпасынан табылған төрт шайбаны да Скабелка соқты. Елордалық клубтың қақпашысы Валерий Штукерт, ендігі жерде «Бейбарыстыің» мергенін анадайдан танитын болса керек.

«Бейбарыс» — «Астана» 4:0 (0:0, 3:0, 1:0)

Шайбалар:
1:0 — 21:29 Скабелка (Дерябин, Зубков).
2:0 — 31:37 Скабелка (Дерябин).
3:0 — 35:43 Скабелка (Смирнов, Хамматов).
4:0 — 40:57 Скабелка (Болякин, Дерябин).

Бас демеуші — «Самұрық -Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

Пікір жазыңыз