«Астана» футболшылары көзге ілінетін дәрежеге жетіп қалыпты

Футбол статикасымен айналысатын WhoScored сайты Еуропа лигасы К тобының символикалық құрамына «Астананың» төрт бірдей футболшысын қосыпты, деп хабарлайды SportX.kz.

Топтық раундтың төртінші турының нәтижесі бойынша жасалған символикалық құрамаға— Евгений Постников, Педро Энрике, Иван Маевский және Ричард Алмейда еніпті.

Осы турда астаналық клуб өз алаңында 2:1 есебімен «Яблонецтен» (Чехия) басым түскен болатын.

Бас демеуші — «Самұрық — Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

 

Пікір жазыңыз