«Астана» футбол клубы Францияға жылжыды

Еліміздің чемпионы «Астана» желтоқсанның 6-11 аралығында Францияда қысқа мерзімді оқу-жаттығу жиынын өткізеді, деп хабарлайды SportX.kz. 

Өздеріңіз білетіндей 13-желтоқсан күні «Астана» франциялық «Ренн» клубына қарсы Еуропа Лигасының топтық кезеңі аясындағы соңғы матчын өткізеді. Жиынның басты мақсаты алдағы ойынға тыңғылықты дайындалу болып табылады. Бір аптаға жалғасатын жиын аясында Президенттік спорт клубының ұжымы Франция чемпионатының үшінші дивизион өкілі «Шамбли» клубымен жолдастық матч өткізеді. Бұл ойын 9- желтоқсан күні өтеді.

Бас демеуші — «Самұрық — Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

Пікір жазыңыз