«Астана арландары»-алтыннан үміткер

 Индонезияда өтіп жатқан жазғы Азиада мәресіне жақындап келеді. Төрт жылда бір айналып келетін ойындарға үкілеп қосқан боксшыларымыздың екеуі финалға шығып отыр, деп хабарлайды SportX.kz

Әбілхан Аманқұл (75 келі) жартылай сында үндістандық Викас Кришанмен кездесетін болған. Бірақ жарақаты сыр берген үнді жігіті кездесуден бас тартып, Әбілхан бірден финалға жол тартты. «Астана арландары» клубының өкілі ақтық сында өзіне жақсы таныс өзбек боксшысы Исрайл Мадримовпен жолығып қалуы әбден мүмкін. Ол үшін Исрайл осы салмақ дәрежесіндегі екінші жартылай финалда филиппиндік Эйлин Феликс Марсилиді ұтуы тиіс. Екі боксшы өзара екі рет кездескен. Бірінде Әбілханның жолы болса, тағы бірінде өзбек боксшысы жеңіске жеткен.

Осы күні «Астана арландары» клубының тағы бір өкілі Асланбек Шымбергенов Азиаданың ақтық сынына жолдама алды. 69 келіде өнер көрсеткен жерлесіміз жартылай финалда 5:0 есебімен иорданиялық Зеяд Еашаштан басым түсті. Алдағы ақтық сында Асланбек Шымбергеновке Өзбекстан құрамасының белді боксшысы Бобо-Усмон Ботуров қарсы тұрады.

Бас демеуші-  «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

Пікір жазыңыз