Артаевтан ұтылған Коробов WBC чемпионымен жұдырықтасады (ВИДЕО)

Ресейлік әйгілі боксшы Матвей Коробов 22- желтоқсан күні WBC нұсқасының орта салмақ дәрежесіндегі уақытша чемпионы Жермалл Чарломен жұдырықтасады, деп хабарлайды SportX.kz.

Матвей Коробовтың жекпе-жектер тізіміне кез-келген боксшы қызыға қарайтыны анық. 35-жасар боксшы 28 кездесу өткізіп, тек бір бәсекеде ғана жеңілістің ащы дәмін татыпты. Қарсыласы америкалық боксшы Жермалл Чарлоның көрсеткіші одан да асып түседі. Рингке 27 рет көтерілсе, соның бәрінде төреші Жермаллдың қолын көтерген.

Алғашқыда 22- желтоқсан жоспарланған Бруклиндегі бокс кешінде Жермалл Чарло отандасы Вилли Монромен кездесетін болған. Бірақ VADA Монроның тиым салынған препарат қолданғанын хабарлаған. Осыған байланысты Монро жарыстан шеттетіліп, алдағы бокс кешінде Жерамлл Чарлоға қарсы Матвей Коробов өнер көрсететін болды.

Әуесқой бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы Матвей Коробовтың есімі қазақстандық бокс сүйер қауымға жақсы таныс. Бейжің олимпиадасының 1/8 финалында біздің олимпионик Бахтияр Артаев өте шиеленісті өткен сайыста 10:7 есебімен Коробовтың алдын орап кеткені әлі күнге есімізде. Бірақ осы жекпе-жекте бар күшін сарқыған Артаев келесі ширек финалдық бәсекеде 3:8 есебімен Бейжің олимпиадсының болашақ чемпионы Джеймс Ди Гейлден (Ұлыбритания) ұтылып қалғанды.

.

Пікір жазыңыз