Арландар алғырлық танытты

Шайбалы хоккейден ел чемпионатының кезекті турында «Бейбарыс» (Атырау) өз алаңында «Арланға» (Көкшетау) есе жіберді, деп хабарлайды SportX.kz.

Атыраудағы бәсеке 1:2 есебімен қонақтардың жеңісімен аяқталды. Кездесудің екінші кезеңінде Станислав Боровиков шығарған пасты қақпаға дөп түсірген Дмитрий Потайчук «Арланды» алға шығарды. Шешуші кезеңде алаң иелері Альберт Вишняковтың белсенділігімен есепті қысқарта алған. Алайда ретін тауып есепте қайта алға шыққан көшелік хоккейшілер жеңісті жұлып кетті. Қонақтарға жеңіс сыйлаған голды Евгений Гасников соқты.

«Бейбарыс» — «Арлан» 1:2  (0:0, 0:1, 1:0, 7:7)

Шайба соққандар:
0:1 — 37:16 Потайчук (Боровиков).
1:1 — 43:14 Вишняков.
1:2 — 65:00 Гасников.

Пікір жазыңыз