Ақтауға үлкен дзюдо келді

ҚР дзюдо Федерациясы баспасөз қызметі Ақтау қаласында дзюдодан Азияның ашық кубогы өтетінін хабарлайды. Азия кубогы жолындағы балуандар додасы белгілі қазақстандық фермер Тұрар Жолдыбаевтың құрметіне аталыпты, деп хабарлайды SportX.kz.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Ақтауда жалпы аумағы 5 мың шаршы метрді құрайтын дзюдо спорт кешені пайдалануға берілген еді. Енді міне, жаңа ғимарат халықаралық жарысты қабылдағалы отыр. Қарашаның 3-4 аралығында Тұрар Жолдыбаев атындағы кешенде Қазақстан, Өзбекстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Грек елі және Алжирден жиналған 150 тарта балуандар Азия кубогын сарапқа салмақ.

Жарыс кестесі:

3 — қараша. Ерлер: — 60 кг, — 66 кг, — 73 кг, әйелдер: — 48 кг, — 52 кг, — 57 кг, — 63 кг.

4 — қараша. Ерлер: — 81 кг, — 90 кг, — 100 кг, +100 кг, әйелдер: — 70 кг, — 78 кг, +78 кг.

Пікір жазыңыз