Ақтаудағы дзюдошылар арпалысы

Ақтаудағы «Маңғыстау-арена» спорт кешенінде ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған Азияның ашық кубогы мәресіне жетті, деп хабарлайды SportX.kz.

Осымен тоғызыншы мәрте жалауын көтерген дәстүрлі жарыс қазақ балуандарының айқын жеңісімен аяқталды. Қазақстандық дзюдошылар Маңғыстау төрінде жайылған татамидегі белдесулердің қорытындысы бойынша 7 алтын, 10 күміс және 13 қола олжалады. Командалық екінші орынға 4 алтын еншілеген Грек елі табан тіресе, үздік үштікті Тәжікстан (1 алтын және бір күміс) түйіндеді.

Лицензиялық турнирдің жүлдегерлері Ақтаудан құр қол қайтқан жоқ. Алған орындарына сәйкес рейтингтік ұпайларын арттырып қайтты. Айталық, топ жарғандар 100 ұпайдан иеленсе, күміс жүлдегерлер 60, ал қола медаль иелері есебіне 40 ұпайдан жазды.

Турнир жеңімпаздары:

60 келі

1. Камран Нуриллаев (Өзбекстан)

2. Билгуун Догсом (Моңғолия)

3. Қанат Сейілхан (Қазақстан)

3. Рамазан Мамаев (Қазақстан)

66 келі

1. Сұңғат Жұбатқан (Қазақстан)

2. Әбілқайыр Мәуленин (Қазақстан)

3. Айболат Ыстыбаев (Қазақстан)

3. Алтаншух Довдон (Моңғолия)

73 келі

1. Гергиос Азойдис (Греция)

2. Хайомиддин Жаббаров (Тәжікстан)

3. Нурлан Оразалин (Қазақстан)

3. Бека Шавдатуашвили (Грузия)

81 келі

1. Алексиос Нтанацидис (Греция)

2. Руслан Мұсаев (Қазақстан)

3. Ерсін Сейітқазынов (Қазақстан)

3. Абдурахман Өмірзақов (Қазақстан)

90 келі

1. Зиодорос Целидис (Греция)

2. Сұңғат Закарияев (Қазақстан)

3. Нұрымжан Ғаббасов (Қазақстан)

3. Мейрамбек Жаңабай (Қазақстан)

-100 келі

1. Сайджалол Саидов (Таджикистан)

2. Жасұлан Мұхаметханов (Қазақстан)

3. Арман Қалиев (Қазақстан)

+100 келі

1. Әділ Оразбаев (Қазақстан)

2. Гиорги Кавтарадзе (Грузия)

3. Талғат Әміренов (Қазақстан)

Әйелдер:

52 келі

1. Әйгерім Әбілқадірова (Қазақстан)

2. Абиба Абужақынова (Қазақстан)

3. Ақжол Қайыпхан (Қазақстан)

57 келі

1. Анна Козюлина (Қазақстан)

2. Севара Нышанбаева (Қазақстан)

3. Кәмшат Қарасайқызы (Қазақстан)

63 келі

1. Иоланта Бердібекова (Қазақстан)

2. Саера Мырзахметова (Қазақстан)

3. Ақниет Тұрдан (Қазақстан)

-70 келі

1. Элизавет Тельцидоу (Греция)

2. Аэлита Щербакова (Қазақстан)

3. Ажар Салықова (Қазақстан)

-78 келі

1. Зарина Райфова (Қазақстан)

2. Эльмира Самиғоллаева (Қазақстан)

+78 келі

1. Камила Берліқаш (Қазақстан)

2. Саида Қапсалықова (Қазақстан)

Пікір жазыңыз