Анна Данилина Президент Кубогының жеңімпазы

Астанадағы Ұлттық теннис орталығында Қазақстан Президенті Кубогы үшін ATP Challenger және  ITF Women’s халықаралық турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды  SportX.kz.

Жүлде қоры 205 мың АҚШ долларын құраған биылғы турнирде 25 мемлекеттен 300 таяу теннисшілер өнер көрсетті. Жекелей сыннан өткен бәсекелерден көзге түскен жерлестерімізді кездестірмедік. Есесіне жұптасып өнер көрсетуден қазақ теннисшілері жүлдесіз қалған жоқ. Әйелдер арасында түрік қызы Берфу Чингизбен жерлесіміз Анна Данилина дуэті  үздік шықты. Олар  финалда 3:6, 6:3, 10:7 есебімен Ақгул Аманмурадова/Екатерина Горгодзе (Өзбекстан/Грузия)  алда болды.

Ерлер арасындағы жұптық сында Михаил Елгин (Ресей) мен Ярослав Шило (Беларусь) өзгелердің алдын орап кетті. Олар ақтық матчта жерлесіміз Денис Евсеев индус Аржун Кадхені ұтты.

 

Пікір жазыңыз