Андорраны жеңу керек

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Станимир Стойлов Андоррамен өтетін матчқа қатысатын футболшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды SportX.kz.

Матчтың басталуына бірнеше сағаттар қалды. Дәлірек айтсақ, Д дивизионының бірінші тобындағы құрамалар арасындағы матч сағат 20:00 басталады.

Негізгі: Ненад Эрич (қақпашы) — Ғафуржан Суюмбаев, Евгений Постников, Юрий Логвиненко, Абзал Бейсебеков, Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан, Серікжан Мұжықов, Бақтиер Зайнутдинов, Еркебұлан Сейдахмет, Бауыржан Тұрысбек.

Қосалқы: Владимир Плотников (В), Дмитро Непогодов (В) — Сергей Малый, Нұралы Әліп, Дмитрий Шомко, Александр Соколенко, Ян Вороговский, Магомед Парагульгов, Думан Нарзилдаев, Максим Федин, Роман Мұртазаев, Алексей Щеткин.

Еліміздің бас командасы әзірге екі ұпаймен өз тобында екінші орында келеді. Ұлттық Лига арқылы Еуро-2020 додасына жолымыз түсу үшін Стойловтың шәкірттеріне бүгінгі ойында жеңіс ауадай қажет. Сонымен қатар осы топтың лидері Грузияның да жолына қарайтын боламыз. Грузиндер бүгін Латвиямен ойнайды. Бізге олардың жеңілгені керек. Ия, солай демеске амал жоқ.

Пікір жазыңыз