«Амур жағасындағы чемпиондар айқасы»- турнирінің чемпиондық белбеуі қазақ еліне жол тартты

 

Ресейдің Қиыр шығысындағы Благовещенск қаласында  жекпе-жек түрлерінен «Амур жағасындағы чемпиондар айқасы» айдарымен халықаралық турнир өтті. Каратэден өткен  кештің басты бәсекесінде жергілікті спортшы Ярослав Молоземовті тізе бүктірген Мерей Сүйінов,  халықаралық жарыстың чемпиондық белбеуін иеленді, деп хабарлайды SportX.kz.

Бірінші рет өткізілген  турнирде бас қосқан сарбаздар жекпе-жек өнерінің бес түрінен күш сынасты. Кикбоксинг, киокушинкай-каратэ,ММА, ушу-саньда, және тайбоксынан өткен сегіз жекпе-жектің бесеуінде чемпиондық белбеу сарапқа салынды. 80 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Мерей Сүйіновке, өте  тәжіирбелі және каратэден әлем чемпионы  Вячеслав Малоземов қарсы тұрды. Өз жанкүйерлері алдында намысты қолдан бермеуге бар күшін салып баққан ресейлік сарбаз, жеме-жемге келгенде қазақ батырына төтеп бере алмады.

Мерей осыдан үш жыл бұрын Хабаровск қаласында  киокушинкай-каратэден әлем чемпионы атағын жеңіп алған.

Сол жолы Мерей ақтық сында атақты жапониялық   Хиношита Такеакиден мерейін асырған еді.

 

Пікір жазыңыз