Альварес рингке жақындап келеді

Нью-Йоркте (АҚШ) орта салмақ дәрежесі бойынша WBC, WBA (Super) нұсқаларының чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес (50-1-2, 34 КО) пен WBA-ның екінші орта салмақтағы чемпионы британиялық Рокки Филдинг өзара кездесу алдындағы соңғы баспасөз-мәслихатын өткізді, деп хабарлайды SportX.kz.

Британдық боксшының титулы сарапқа салынатын жекпе-жек 16-желтоқсан күні Madison Square Garden аренада өтеді.

Альварес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді ұтқалы бері шаршы алаңға алғаш рет көтерілмек.

Альварестің жақында ғана стримингтік DAZN қызметімен рекордтық контракт жасағанын білесіздер. Ондағы сома 365 млн долларпды құрайды. Ендеше Канело осы келісімшарт аясындағы алғашқы кездесуін өткізетін болады.

Пікір жазыңыз