Алтынның сыңғыры естілмейді

Спорттық күрес түрлерінен Будапештте аяқталған әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпы командалық есеп бойынша 16- орынды місе қылды, деп хабарлайды  SportX.kz.

Әлемдік додадан қазақ балуандары бір күміс және екі қола медаль олжалап қайтты. Көңілімізге медеу болған жалғыз күмісті еркін күрес шебері Нұрислам Санаев иеленсе, классикалық күрестің серкелері Айдос Сұлтанғали мен Мейіржан Шермаханбет әлем чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.

Ресми тіркелмеген командалық есептің нәтижесі бойынша 10 алтын еншілеген Ресей құрамасы бірінші, ал екінші және үшінші орындарды Жапония мен АҚШ балуандары бөлісті.

 

Пікір жазыңыз