Алтын жүлдеге қол жеткізе алмадық

Хорватияда күрес түрлерінен кадеттер арасындағы әлем чемпионаты жалауын түсірді. Загреб боз кілемінде ел намысын қорғаған балуандарымыздың еншісінде бес қола жүлде, деп хабарлайды SportX.kz.

63 елден жиналған жас балуандар алты күн бойы боз кілемнің көрігін қыздырды. Қоржынымыздан табылған бес медальдың төртеуі, грек-рим күресі шеберлеріне тиесілі десек, еркін күрестен бұйырғаны жалғыз жүлде.Балуан қыздарымыз бұл жолы олжасыз қалды.

Еркін күрес. ӘЧ-2018. Жүлдегер

Бекзат Жалғасов (65 келі)- қола медаль

Грек-рим күресі. ӘЧ-2018. Жүлдегерлер

Искар Курбаев          (48 келі) —        қола медаль
Мерей Мәулетханов (51келі) —           ———
Дінмұхамед Қошқар (55 келі) —           ———
Вейсал Эюбов          (71 келі) —           ———

Пікір жазыңыз