«Алматы Туры — 2018». Давиде Виелла үздік шықты

Astana Pro Team командасының велошабандозы испандық Луис Леон Санчес «Алматы Туры — 2018» екікүндік веложарысының екінші кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды SportX.kz.

Екікүндік велотурға Қазақстан атынан төрт команда қатысты. Алматы көшелері арқылы өрбіген алғашқы жарыс күні  Astana Pro Team велошабандозы Давиде Виллела үздік шықты. Көпсалалы «Halyk Arena» кешені аумағынан бастау алған екінші кезеңнің жарыс жолы Медеу шатқалында мәресіне жетті. Соңғы 12 шақырымдық таулы жолға жеткенде пелеотон арасынын суырылып алға шыққандар болды. Бірінші болып сытылып шыққан Қазақстан ұлттық құрама командасының мүшесі Ғалым Ахметовті, пелотон ұзаққа жібермей ортаға қосып алды. Одан кейін де әрекет жасағандар болды. Дегенмен төрт-бес шабандоздан құралған кіші-гірім топ пелотоннан қара үзіп кете барды. Мәреге 400 метрдей қалғанда қасындағы серіктерін басып озған Astana Pro Team шабандоды Луис Леон Санчес мәре сызығын бірінші қиды. Санчес жарыс жолы 4 сағат 11минут және 35 секундта еңсерсе, екінші орын алған Делио Фернандес Delko Marseille) мәреге төрт секунд кешігіп жетті. Жүлделі үшінші орынды, бірінші кезеңнің жеңімпазы  Давиде Виллелла жайғасты.

Екі кезең қорытындысы бойынша Давиде Виелла жарыс жеңімпазы атанса, Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Юрий Натаров дәстүрлі турдың үздік шабандозы болып танылды.

Бас демеуші — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

Пікір жазыңыз