Алмагүл -Азия чемпионы

Филиппиндер елінің Тагайтай қаласында шахматтан сеньорлар мен сеньориталар (50 — 65 және 65 жастан жоғары) арасындағы Азия чемпионаты жалауын түсірді. Швейцариялық жүйеге негізделген яғни 9 раундтан тұратын турнир нәтижесі бойынша Қазақстан бес медаль иеленді, деп хабарлайды SportX.kz. 

Бес медальдың ішіндегі жалғыз алтынды өскемендік Алмагүл Шәкеева иеленді. Рапидтен сынға түскен әйелдер бәсекесінде Алмагүлге тең келетін қарсылас табылмады. Өскеменнің өкілі жалғыз алтынмен шектелген жоқ. Алмагүл блиц және классикалық шахмат бойынша Азияның күміс жүлдегері атанды. Қарағандылық Олег Ринас пен тараздық Айтқазы Баймурзин сеньорлар додасынан қола жүлде алып қайтты.

Пікір жазыңыз