Алина Әділханова Азиаданың екі дүркін чемпионы

Алинадай қызымыздан айналдық! Кеше ғана құрбыларымен бірге  командалық сайыстан олжа салған Алина, бүгін жеке өзі алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды SportX.kz.

Алина Әділханова жекелей сыннан өткен жарыс нәтижесі бойынша 66.800 ұпай еншілеп, жазғы Азия ойындарының екінші алтын жүлдесін иеленді. Қазақтың мың бұралған сұлу қызы бүгінгі сында өзара екінші және үшінші орындарды бөліскен Өзбекстан мен Қытайдың өкілдерін маңына да жуытқан жоқ.

Осыдан бір күн бұрын қазақстандық көркем гимнастшылар Алина Әділханова, Даяна Әбдірбекова және Адиля Тілекенова үштігі командалық жарыстан Азиада чемпионы атағын жеңіп алған. Сегізінші алтынымыз құтты болсын!

 

Пікір жазыңыз