Әлем чемпионатынан ұпайсыз қайтатын сияқтымыз

Волейболдан Жапонияда өтіп жатқан әлем чемпионатында еліміздің әйелдер құрамасы жеңілістен көз ашпай келеді. Кезекті ойын күні бас командамыз Сербиядан ұтылды, деп хабарлайды  SportX.kz

Топтық кезең аясындағы төртінші матчты жерлестеріміз Д тобының лидері Сербияға қарсы өткізген. Күткендей-ақ үш сеттегі бәсеке 18:25, 16:25, 13:25 есебімен еуропалық команданың пайдасына шешілді. Соңғы турда Қазақстан құрамасы Бразилиямен күш сынасады. Бірақ бұған дейінгі төрт кездесудің бәрінде жеңіліс тапқан қыздарымыз, жайлап елге жинала берсе де болады.

Естеріңізге сала кетсек, жерлестеріміз мұның алдындағы ойындарда Кения, Пуэрто-Рика және Доминикан Республикасы құрамаларынан жеңіліп қалған.

 

Пікір жазыңыз