Әлем чемпионатына баратын боксшылар тізімі белгілі

Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында ел намысын жиырма боксшымыз қорғайды. Тамыз айына жоспарланған әлем біріншілігі Венгрияда өтеді, деп хабарлайды SportX.

Мадиярлар еліндегі әлемдік додаға бармас бұрын, біздің жастар Азиядағы құрбы-құрдастарын түгел тізерлетіп, командалық бірінші орынды иеленгенді. Бангкоктың еншісіне тиген лицензиялық чемпионаттан  Ғалымбек Кенжебаев пен Алмаз Қуатбековтің шәкірттері — он алтын, төрт күміс және соншама қола медаль олжалап қайтты. Азия чемпионатында алтыннан тау үйген боксшыларымыз енді төрткүл дүниенің мықтылары бас қосатын додаға дайындалуда. Ендеше Венгрияға аттанатын команда құрамымен таныс болыңыздар:

Ерлер тізімі:

Махмуд Сабырхан – 49 кг

Карим Серкебаев – 52 кг

Бейбарс Жексен – 56 кг

Рахат Сейтжан – 60 кг

Талғат Шайкен – 64 кг

Ермахан Жакпеков – 69 кг

Нүрбек Оралбай – 75 кг

Сағындық Тоғамбай – 81 кг

Айбек Оралбай – 91 кг

Дамир Тойбай – +91 кг

Қыздар тізімі:

Анель Құдайберген – 48 кг

Жансая Абдраимова – 51 кг

Айзада Еслямгали – 54 кг

Еркежан Дәулетжанқызы – 57 кг

Мария Гладкова – 60 кг

Жұлдыз Тоикова – 64 кг

Мария Бейсебава – 69 кг

Надежда Рябец – 75 кг

Гузаль Садыкова – 81 кг

Дина Исламбекова – +81 кг

Пікір жазыңыз