Айдос Стамбулда топ жарды

Қазақстандық грек-рим күресінің шеберлері Азия ойындары алдында сәтті өнер көрсетуде. Жылдың басты додасы аясындағы тағы бір жарыстың басын шалып қайтқан жерлестеріміз,Стамбулдан қомақты табыспен оралды, деп хабарлайды SportX.kz.

Стамбулда жыл сайын Вехби Эмре атындағы халықаралық турнир өткізіліп тұрады. Дәстүрлі додаға жолы түскен қазақ балуандары бес медаль олжалап қайтты. 60 келі тартатын «классиктер» арасында біздің Айдос Сұлтанғалиға төтеп беретін мықтыны көрмедік. Айдос ақтық белдесуде молдаван Виктор Чобануға дес бермеді.

55 келіде бақ сынаған Хорлан Жаһанша мен Жансерік Сәрсембиев, 72 келіде күрескен Ибрагим Магомедов және салмағы 77 келі тартатын Темірлан Шадукаев төрттігі турнирдің қола жүлдесін місе қылды. Бәрінен  жергілікті балуандар озды. Олардың есебінде төрт алтын.

 

Пікір жазыңыз