Әділбек Францияның қола жүлдегері

Эр өзені бойындағы Шартр қаласында суда жүзуден Францияның ашық чемпионаты өтуде.  Жыл сайынғы жарыстан қазақ спортшылары да шет қалмапты, деп хабарлайды SportX.kz»

«Open de France» додасында елімізден Әділбек Мусин, Әділ Қасқабай және Айбек Қамзенов сынды жігіттеріміз бақ сынауда. Жарыс шымылдығы түрілген күні 50-метрлік дистанцияға баттерфляи әдісімен жүзуден Әділбек Мусин үшінші нәтиже көрсетіп, Франция ашық чемпионатының қола жүлдегері атанды. Жерлесіміз осы қашықтықтағы әлемдік рекордтың иегері, украйналық Андрей Говоровпен бразилиялық спринтер Педро Виейраға ғана жол берді.

Дәл осындай қысқа қашықтыққа брасс әдісімен жүзуден сынға түүскен үміткерлер арасында, алғашқы ондықтан табылған Айбек Қамзенов алтыншы орынды місе қылды.

Қазақстан ұлттық құрама командасының тағы бір топ мүшелері бұл күндері Словенияның Марибор қаласында кезекті оқу-жаттығу жиынын өткізуде.

 

Пікір жазыңыз