«Адам көркі шүберек». Азиадаға арналған киім үлгісі

Қазақстан ұлттық құрамасы жазғы Азия ойындарында отандық өндірушілердің қолынан шыққан  киім үлгісін киеді. Тігіншілер мен дизайнерлер бас команданы ұлттық нақышта киіндіру мақсатында, көшпенділер тақырыбын негізге алғанға ұқсайды, деп хабарлайды SportX.kz

Коллекцияның негізгі символы – техно-стильде орындалған сұңқар құс. Бүркітпен аң аулау, саятшылық құру-қазақтың көнеден келе жатқан байырғы дәстүрі. Жалпы аң қағатын құстар еркіндіктің, биікке ұмтылудың символы. Осы тұрғыдан алып қарағанда, отандық өндірушілердің идеясы көптің көңілінен шығатындай. Барлық өнімдерге негізгі яғни басты ерекшелік ретінде  «KZ» әріптері басылған.

Әдетте, спорттық форумға арналған киім үлгілері жаттығуға және салтанатты шеруге арналған түрлі киім-кешектер мен қажетті бұйымдардан құралады. Киім үлгілерін таңдауда міндетті түрде спорттық форум өтетін жердің климаттық ерекшеліктері ескеріледі. Коллекцияға енген киім үлгілерінің сәнділігі, үйлесімділігі, жүріп-тұруға қолайлылғы да өндірушілер назарынан тыс қалмайды. Спорттық экипироваканың құрамы он алты түрлі киім-кешектермен толықтырылған.

Ұлттық олимпидалық комитет пен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері және танымал спортшылар енген арнайы комисссиясы шешімімен таңдалған киім үлгілері- қою көк және ақ түстермен көмкерілген.

 

Азиадаға арналған форманы алғашқылардың бірі болып боксшы Әбілхан Аманқұл, синхронды жүзу спортының шебері Кристина Тыныбаева, суда жүзуші Дмитрий Баландин киіп көрді. Жаңа форма бәріне ұнаған сыңайлы.

Жазғы Азия ойындары 18-тамыз бен 2-қыркүйек аралығында Индонезия астанасы Джакартада өтеді.

 

Пікір жазыңыз