ӘЧ 2018: Футбол тойының қызығы енді басталады 

Топтық раундтың нәтижесі мундиальды одан әрі жалғастыратын он алты құраманы анықтап берді.»G» тобындағы соңғы ойындардың бірінде Бельгия 1:0 есебімен Англиядан басым түсті, деп хабарлайды SportX.

Жолдаманың мәселесін алғашқы екі ойында шешіп алған командалар,бүгінгі матчтың тағдырына аса бас ауыртып жатпады. Дегенмен екі жақ та іштей өз тобында алға шыққанды қалаған болу керек.Осы тұрғыдан алып қарағанда Бельгияның жолы болып, келесі кезеңге бірінші орынмен шықты. Бәсекеге нүкте қойған жалғыз допты кездесудің 51-минутында Аднан Янузай соқты. Англия екінші орынды місе қылса, осы матчпен  параллель өткен ойында  Панама мен Тунис құрамалары кездесті. Осы бәсекеде Тунис футболшысы Фахриддин Бен, мундиаль тарихындағы 2500- голдың авторы атанды.  Жалпы бұл ойында 2:1 есебімен жеңіске жеткен африкалық команда өз тобында үшінші орынды иеленді

Бұдан былай жеңілген командаларға ешқандай рақымшылық жоқ. Жеғңілген жағдайда бірден елдеріне жинала берсе болады.Ендгі жерде Бельгия әлемдік доданың ширек финалында Жапонияны, ал ағылшындар Колумбияны сынаққа алады.

«G» тобы. Турнир кестесі.

1   БЕЛЬГИЯ 3 3 0 0 9-2 9
2   АНГЛИЯ 3 2 0 1 8-3 6
3   ТУНИС 3 1 0 2 5-8 3
4   ПАНАМА 3 0 0 3 2-11 0

 

«H» тобында орын алған шиеленісті жағдай,тек соңғы турда шешілді.Жапон футболшылары үшін Польшамен өткен бәсекеде тең ойынның өзі жетіп жатты. Бірақ екі тур бойы сүреңсіз ойын көрсетіп келген поляктар, түк бермейтін матчта жеңісті жұлып кетті. Есеп-1:0. Дегенмен Жапония құрамасы жарыстан шет қалмады. Оларға көмекке келген Колумбия  параллель өткен кездесуде дәл осындай есеппен Сенегалдың алдын орап кетті. Не керек  жер сипап қалған Сенегал мен  Польша елдеріне қайтты.

«H» тобы.Турнир кестесі.

1   КОЛУМБИЯ 3 2 0 1 5-2 6
2   ЯПОНИЯ 3 1 1 1 4-4 4
3   СЕНЕГАЛ 3 1 1 1 4-4 4
4   ПОЛЬША 3 1 0 2 2-5 3

 

Пікір жазыңыз