ӘЧ 2018: Ағылшындар Тунистен төнген қауіптен әрең құтылды

 

Мундиаль аясындағы кезекті ойын күні Англия құрамасы Туниспен кездесіп,тартысқа толы бәсеке 1:2 есебімен аяқталды, деп хабарлайды SportX.kz.

Биылғы әлемдік дода күтпеген нәтижелерге толы жаңалықтарымен қызықты болып тұр. Ресейдегі футбол тойының басты фавориттері саналған Аргентина, Бразилия, Германия секілді мықтылар, мундиальдың алғашқы турында сәтсіздікке ұшырағанына өздеріңіз куә болдыңыздар.Туниспен өткен ойында осы матчтың жеңімпазы-ау деген  Англия, жоғары да аталған құрамалардың жолын құша жаздады.

Волгорадтағы матчтың 11- минутында «Тоттенхэмнің» шабуылшысы Гарри Кейн, Англия құрамасын алға шығарды. Дегенмен солтүстік африкалық футболшылар үзіліске дейін таразы басын теңестіріп үлгерді. Бұл эпизодта саудтық «Аль-Насара» клубының намысын жыртып жүрген Тунис құрамасының жартылай қорғаушысы Фержани Сасси  пенальти орындауда мүлт кетпеді. Британиялықтар үзілістен кейін де шабуылды бәсеңдете қойған жоқ. Бірақ жеме-жемге келгенде доп қақпадан қиыс кетіп жатты. Ойын осылай өрби берді,ал уақыт шіркіннің бір орында тұрмайтыны белгілі. Берілген уақыт аяқталуға бірер минуттар қалғанда тағы да сол Гарри Кейн, дер кезінде  керек жерден табылып,өз командасына жеңіс сыйлаған голдың авторы атанды.Қызықты һәм тартысқа толы матчта жеңісті жұлып кеткен Гарет Саутгейттің командасы,өте маңызды үш ұпайға ие болды.

Осы топтағы екінші матчта Бельгия 3:0 есебімен Панаманы тізе бүктірді.Осыдан төрт жыл бұрынғы мундиальда, Бельгияның  талабы таудай жас футболшылары өз өнерімен көрермендерді тәнті еткені әлі есімізде. Сол жастар легі бүгінгі күні  ұлттық құраманың белді ойыншыларына айналған.Панаманың қақпасына алғашқы голды кездесудің 47-минутында Дрис Мертенс салды. Одан кейін жұлдызды сәті туған Ромелу Лукаку, қарсы қақпаны екі рет дәл көздеп,Бельгия мундиальды ірі жеңіспен атап өтті. Есеп-3:0.

Турнир кестесі

  1. Бельгия – 1 матч, 3 ұпай
  2. Англия – 1 матч, 3 ұпай
  3. Тунис – 1 матч, 0 ұпай
  4. Панама – 1 матч, ұпай

 


Пікір жазыңыз