Зидан Роналдудың артынан іздеп бармақ

 Libertad Digital басылымы Зинедин Зидан туриндік «Ювентустың» ұсынысын қабыл алмақ деп жазады. Басылым мәліметіне сүйенсек Зиданға клубтың спорт жөніндегі кеңесшісі қызметі ұсынылған, деп хабарлайды SportX.kz.

Әйгілі футболшы һәм атақты жаттықтырушы италиялық клуб ұсынған қызметке қазан айында кіріспек деген сыбыс бар. Зинедин Зидан «Ювентус» клубымен жақсы таныс. Футболшы ретінде 1996-2001 жылдары «Ювентус» сапында табысты өнер көрсетіп, екі рет Италия чемпионы, сондай-ақ  Италия суперкубогы мен УЕФА суперкубогын және Құрлықаралық Кубок пен Интертото Кубогының жеңімпазы атанды.

Зидан жаттықтырушы ретінде  «Реалмен»  өткізген екі жыл ішінде , бұрын-соңды болмаған жетістікке қол жеткізе алды. Корольдік клубты жаңа белеске шығарған Зидан, мамыр айында командамен қош айтысты.

Libertad Digital басылымы Зиданның Апенинге бет бұруын жақында ғана «Ювентустің» жейдесін киген Роналдумен байланыстырады. ,

Дегенмен испаниялық АS.com газеті  Зиданға қатысты жаңалықтың алып-қашпа  әңгіме екенін жазады. Өйткені Зиданға ұсынылған жылы орын әзірге бос емес. Бұл қызметті көптен бері клубтың бұрынғы футболшысы Павел Недвед атқарып келеді.

Пікір жазыңыз