Тамыздың 22-25 аралығында Словакия астанасы Братиславада мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасындағы Гран-придің алғашқы кезеңі өтеді, деп хабарлайды SportX.kz.
Алдағы Гран-приде Қазақстан атынан еліміздің жастар құрама командасының мүшесі Ажар Жұмаханова өнер көрсетеді.
Жаз әлі аяқталған жоқ. Бірақ мәнерлеп сырғанаушылар жаңа маусымды бастап жіберді. Өйткені әзірдің өзінде екінші санаттағы бірақатар халықаралық турнирлер өткізіліп, көптеген елдер өздерінің ішкі жарыстарын ұйымдастырды. Біздің болашақ үмітіміз, спорт шеберлігінен үміткер Ажар Жұмаханова, биылғы жылы Egna Spring Trophy турнирінде он алтыншы орынды иеленді.